Маркировка молова

Пилоттық жоба

2020 жылғы
15 желтоқсан
Пилоттық жобаның басталуы
2021 жылғы
31 желтоқсан
Пилоттық жобаның аяқталуы
«Бірыңғай кеден аумағында жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жекелеген түрлерін таңбалау жүйесін қалыптастыру және қолдану жөніндегі тәсілдер туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі №28 шешімі.
«Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің аумақтарында жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жекелеген түрлерін таңбалау жүйесін әзірлеу туралы» мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 10 қазандағы № 88 шешімі
«Жеңіл өнеркәсіп тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің №127 шешімі

 

Сұрақ-жауап

Егер жеңіл өнеркәсіп тауарлары Қазақстанда өндірілетін болса, онда цифрлық таңбалауды сатуға шығарғанға дейін өндірушінің өзі қамтамасыз етуі тиіс.

Егер киім мен  текстиль шетелде, оның ішінде ЕАЭО елдерінде өндірілсе, онда  тауарды импорттаушы таңбалайды. Бұл жағдайда үш жолмен таңбалауға болады:

Үшінші елдердің аумағында;

Өндіруші зауытта;

Кеден қоймаларында.

Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде (ТТҚАЖ).

GS1 (Global Standard One) — географиялық және салалық шекараларсыз GS1 жүйесі негізінде жаһандық стандартты қолдаумен айналысатын халықаралық коммерциялық емес ұйым.

Қазақстан Республикасында қазақстандық өндіруші кәсіпорындарға электрондық кодтарды, сондай-ақ өнімге арналған тиісті электрондық кодтарды беретін «GS1 Kazakhstan» өңірлік ұйымы жұмыс істейді.

Кәсіпкерлер шарт жасау үшін GS1 Kazakhstan  қауымдастығына жүгіну қажет, деректемелер: БСН 040940007541, Алматы қ., Байзақов к-сі, № 299, тел. 8 (727) 394-88-53, 8 (727) 394-88-57, 8 (727) 394-88-58 аталған нөмірлерді алу тәртібі Қауымдастықтың сайтында орналастырылған http://gs1.kz/.

Принтер, қағаз, аппликатор, компьютер

 

Нарықты «ағарту» бәсекелестіктің артуына және сәйкесінше өнім сапасының жақсаруына әкеледі.  Сатып алушы түпнұсқа немесе жалған өнімді сатып алу туралы алдын ала білетін болады.