Тренинг Ақтау, Атырау, Ақтөбе және Орал қалаларындағы темекі сатушыларға арналған ақпараттық тур аясында өткізілді. Экскурсия барысында Тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау жөніндегі Бірыңғай оператордың өкілдері Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, кәсіпкерлерді цифрлық таңбалау жүйесінде жұмыс істеуді және Naqty Sauda Akt мобильді қосымшасын пайдалануды үйретті. Жалпы семинарларға 150-ден астам кәсіпкер қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 13 шілдесінен бастап цифрлық таңбалау коды жоқ темекі өнімдерінің айналымы үшін жосықсыз кәсіпкерлерге тауарды тәркілеу, лицензиясынан айыру мен айыппұл төлеткізу түріндегі жаза көзделген.
«Семинар барысында біз қатысушыларға тауарды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесі дегеніміз не, онымен қалай жұмыс істеу керек, оның қандай артықшылықтары бар екенін түсіндіреміз. Енді жаңа қызметтердің көмегімен құжаттарды компьютерді пайдаланбай-ақ қабылдап, растауға болады», - дейді өнім тобының менеджері Лейла Мұстафина.
Аталмыш семинарларды темекі өнімдерінің бөлшек саудасымен айналысатын қазақстандық кәсіпкерлер үшін тағы 11 қалада өткізу жоспарлануда. Бүгінгі күні Бірыңғай цифрлық таңбалау операторы Батыс Қазақстанның төрт қаласында, Петропавлда, Көкшетауда және Қостанайда оқыту семинарларын өткізді.
Семинарлар кестесі
№ р/с |
Қала |
Семинар күні |
Уақыты |
1 |
Петропавл қ. |
13.09.2022 |
10.00 - 13.00 |
2 |
Көкшетау қ. |
14.09.2022 |
14.00 - 17.00 |
3 |
Қостанай қ. |
15.09.2022 |
14.00 - 17.00 |
|
|
|
|
4 |
Ақтау қ. |
26.09.2022 |
14.00 - 13.00 |
5 |
Атырау қ. |
27.09.2022 |
10.00 - 13.00 |
6 |
Ақтөбе қ. |
28.09.2022 |
10.00 - 13.00 |
7 |
Орал қ. |
29.09.2022 |
15.00 - 18.00 |
|
|
|
|
8 |
Қызылорда қ. |
10.10.2022 |
10.00 - 13.00 |
9 |
Түркістан қ. |
11.10.2022 |
10.00 - 13.00 |
10 |
Шымкент қ. |
12.10.2022 |
10.00 - 13.00 |
11 |
Тараз қ. |
13.10.2022 |
10.00 - 13.00 |
|
|
|
|
12 |
Алматы қ. |
24.10.2022 |
10.00 - 13.00 |
13 |
Талдықорған қ. |
25.10.2022 |
10.00 - 13.00 |
|
|
|
|
14 |
Қарағанды қ. |
26.10.2022 |
10.00 - 13.00 |
15 |
Нұр-Сұлтан қ. |
27.10.2022 |
10.00 - 13.00 |
|
|
|
|
16 |
Өскемен қ. |
07.11.2022 |
10.00 - 13.00 |
17 |
Семей қ. |
08.11.2022 |
10.00 - 13.00 |
18 |
Павлодар қ. |
09.11.2022 |
10.00 - 13.00 |
Сандық таңбалау экожүйесінде жалпы үш мобильді қосымша бар:
• Naqty Onim тұтынушыға таңбаланған өнім туралы барлық ақпаратты білуге мүмкіндік береді;
• Naqty Sauda Kassa 2D сканерін сатып алу мүмкіндігі жоқ бөлшек саудагерлерге арналған;
• Naqty Sauda Akt қабылдау-тапсыру актілерін растауға немесе қабылдамауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар семинар қатысушыларына «Автоматты түрде жүйеден шығару» қызметі ұсынылды, оның көмегімен кәсіпкер «Темекі өнімдері» тауар тобындағы таңбалау кодтарын автоматты түрде жүйеден шығару арқылы жүзеге асырылатын жеңілдетілген функция көмегімен қабылдау-тапсыру актілерін растайды.
2022 жылдың 13 шілдесінде цифрлық таңбалау темекі өнімдерін сәйкестендіру үшін бұрын қолданылған акциздік марканың функциясын толығымен алмастырды. Енді цифрлық таңбалау кодынсыз темекі өнімдерінің айналымы үшін жосықсыз кәсіпкерлерге тауарды тәркілеп және лицензиядан айырып айыппұл салынады.
2022 жылдың басынан бері ҚР аумағына контрабандалық жолмен сату үшін әкелінген 22,5 млн қорап темекі өнімдері анықталып, тәркіленді. 2022 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда дәрілік препараттарды цифрлық таңбалау енгізілуде.
Темекі өнімдерін таңбалау ережелерімен мына жерде танысуға болады. Сұрақтар туындаған жағдайда, кәсіпкерлер тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығына 8 800 080 6565 нөмірі бойынша хабарласа алады.