Цифрлық технологиялар темекі өнімдері нарығын көлеңкеден қалай шығарады?
Обозреватель в ismet
Статья
0 комментариев
6
0 комментариев

Бүгін темекі өнімдерінің бөлшек сауда өкілдеріне арналған ақпараттық оқыту туры басталды. Тауарларды цифрлық таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, іс-шара барысында темекі өнімдерінің бөлшек сауда өкілдеріне Naqty Sauda Akt мобильді қосымшасы туралы айтып берді. 

Петропавлда басталған оқыту семинарына 30-дан астам темекі өнімдерінің бөлшек сауда өкілдері қатысты. Іс-шара аясында цифрлық таңбалау жобалық кеңсесінің өкілдері Naqty Sauda Akt қосымшасымен жұмыс істеу бойынша оқыту жүргізді, ал кәсіпкерлер қосымшаның жұмысы және тұтастай цифрлық таңбалау жүйесі туралы сұрақтарға жауап алды. Осындай білім беру іс-шараларын темекі өнімдерінің бөлшек саудасы саласында жұмыс істейтін қазақстандық бизнесмендер үшін тағы 17 қалада өткізу жоспарланып отыр.

"Біз үшін әрбір кәсіпкердің Naqty Sauda Akt жаңартылған мобильді қосымшасының барлық нұсқаларына қол жеткізе отырып, тауарларды таңбалаудың маңыздылығын және оның контрафактілік өнімдермен күрестегі рөлін түсінуі өте маңызды. Біз ТТҚ АЖ жүйесіндегі жұмыстың әрбір кезеңін жетілдіруге тырысамыз. Біз бизнеспен байланысуға арналған арналар санын ұлғайттық: тәулік бойы жұмыс істейтін "жедел желі", вебинарлар, кездесулер, ақпараттық турлар өткіземіз. Нарыққа қатысушылармен бірге біз тауарларды цифрлық таңбалауға қатысты әрбір мәселені егжей-тегжейлі пысықтап жатырмыз" - деді акциздерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы Әділ Илеусізов.

ЕАЭО елдерінде, оның ішінде Қазақстанда цифрлық таңбалау Data Matrix екі өлшемді кодының көмегімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлер оны өнімге қолданады, ал тұтынушылар оны арнайы қосымшаның көмегімен сканерлей алады. Сандық таңбалау экожүйесінде әр түрлі мақсатты аудиторияға арналған үш мобильді қосымша бар: 

* Naqty Onim - тұтынушылар үшін 2D-сканердің орнына қызмет етеді және таңбаланған тауар туралы барлық ақпаратты білуге мүмкіндік береді;

* Naqty Sauda Kassa - кәсіпкер КБМ операциялары туралы деректерді ФДО серверіне жіберу және таңбаланған тауарларды есепке алу жүйесімен жұмыс істеу үшін құрылған;

* Naqty Sauda Akt - тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде (ТТҚ АЖ) таңбаланған тауарларды қабылдау-тапсыру актілерін жасауға және растауға арналған.  

Соңғысы жетілдіріліп жаңартылды, оған "Автоматты түрде жүйеден шығу" функциясы қосылды, сонымен қатар техникалық қолдау сұрауларын өңдеу уақыты қысқартылды.

2022 жылдың 13 шілдесінде цифрлық таңбалау темекі өнімдерін сәйкестендіру үшін бұрын қолданылған акциздік марканың функциясын толығымен алмастырды. Енді цифрлық таңбалау кодынсыз темекі өнімдерінің айналымы үшін жосықсыз кәсіпкерлерге тауарды тәркілеп және лицензиядан айырып айыппұл салынады. 

2022 жылдың басынан бері ҚР аумағына контрабандалық жолмен сату үшін әкелінген 22,5 млн қорап темекі өнімдері анықталып, тәркіленді.  2022 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда дәрілік препараттарды цифрлық таңбалау енгізілуде.

Темекі өнімдерін таңбалау ережелерімен мына жерде танысуға болады. Сұрақтар туындаған жағдайда, кәсіпкерлер тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығына 8 800 080 6565 нөмірі бойынша хабарласа алады

Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизуйтесь, Пікір қалдыру үшін