Қазақстанда Ресей және Беларусьпен аяқ киімді таңбалау кодтарын өзара тану мүмкіндігі іске асырылатын болады
Обозреватель в ismet
Статья
0 комментариев
43
0 комментариев

Осы жылдың соңына дейін Қазақстан аумағында аяқ киімді таңбалаудың ресейлік кодтарын тану мүмкіндігі іске асырылатын болады. 2022 жылғы сәуірден бастап Қазақстан, Ресей және Беларусь аяқ киім тауарларын таңбалау кодтарын өзара тануға қол жеткізу жоспарланып отыр.

Ол үшін үш елдің таңбалау операторлары негізгі технологиялық шешімдерді пысықтауда. Тараптар ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы өзара іс-қимыл жасайды, қазір осы жүйе арқылы деректер алмасу бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Кодтарды тану процесі кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Қазақстандық импорттаушыларға жағдай жасау үшін таңбалаудың аяқ киім кодтарын өзара тануға қол жеткізгенге дейін Ресейден келген аяқ киімді таңбалау кодтарын біржақты тану бойынша Қазақстанда уақытша функционал іске асырылатын болады. Бұл елімізге импортталатын аяқ киімге таңбалаудың екі рет салынуын болдырмауға мүмкіндік береді. Сәуір айынан бастап көршілес елмен ғана емес, Беларусьпен де кодтарды өзара тану жоспарланып отыр», - деп атап өтті ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2021 жылғы 1 қарашадан бастап аяқ киім тауарларын міндетті цифрлық таңбалау мен қадағалау енгізілді. Ресейде аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2020 жылғы 1 шілдеде, Беларусь елінде 2021 жылғы 1 қарашадан бастап енгізілді.

Айта кетейік, аяқ киімді таңбалау бойынша міндетті нормалар енгізілгеннен бастап Қазақстанда ресми аяқ киім импортының жыл сайынғы көлемінің 29% - на таңбалау кодына тапсырыс берілді.

https://www.gov.kz/memleket/entities/comprom/press/news/details/299851?lang=ru

Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизуйтесь, Пікір қалдыру үшін