Бірыңғай оператор уәкілетті экономикалық операторлар мен аяқ киім өнімдерін ірі импорттаушыларға арналған аяқ киім өнімдерінің қадағалануы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
160
0 пікірлер

Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор ұйымдастырған түсіндірме кездесулеріне таңбалау кодтарының саны бойынша көшбасшы болып табылатын аяқ киім өнімдерін импорттаумен айналысатын алты компания қатысты. Еске салайық, биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда цифрлық бақылау жүйесінде тіркелмеген аяқ киімді сатуға тыйым салынды.

Уәкiлеттi экономикалық оператор – кеден операцияларын, оның iшiнде аяқ киiм бұйымдарын импорттау кезiндегi қаржылық және уақыттық шығындарды барынша азайтуға мүмкiндiк беретiн, оңайлатылған рәсiмдер қолданылатын заңды тұлғалардың санаты. Кездесуде тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінің жұмысына қатысты нормативтік-техникалық мәселелер талқыланды. Бірыңғай оператор өкілдері уәкілетті экономикалық операторлардың қызметкерлері үшін бірқатар оқыту семинарларын өткізіп, олардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Кездесулер барысында Бірыңғай оператор кедендік қоймаларды, сондай-ақ, осы уәкілетті экономикалық операторлар пайдаланатын уақытша сақтау қоймаларын аралап, олардың ерекшеліктерін түсініп, жүйені жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылады. Кездесуде түскен барлық ұсыныстар мен ескертпелер салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп қарастырылып, ескерілетін болады.

Бұл ақпараттық-түсіндіру шаралары тауар айналымына қатысушыларды ақпараттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен қатар тұрақты түрде жүргізілетін болады. Сондай-ақ, бірыңғай оператор көтерме саудагерлер мен аяқ киім өндірушілерін таңбалау және қадағалау жүйесі туралы ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр. Кәсіпкерлерге цифрлық таңбалау туралы толық ақпарат алу үшін 8 800 080 6565 телефоны бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығы жұмыс істейді.



Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін