Аяқ киімнің түпнұсқалығын онлайн тексеруге болады
Обозреватель в ismet
Статья
0 комментариев
15
0 комментариев

Былтыр Қазақстанда аяқ киімдерді цифрлы таңбалау іске қосылды. Енді сіз дүкендерден бірегей Data Matrix коды бар аяқ киімді таба аласыз.

Naqty Onim мобильді қосымшасы арқылы кодтың түпнұсқалығын тексеру үшін, оны AppStore немесе PlayMarket-тен жүктеп, сатып алған аяқ киіміңіздің таңбалау кодын сканерлеп аласыз.

Қосымшада аяқ киім өндірушісі, оның өлшемі, тігілген материалы, сәйкестік сертификаттары және т.б. ақпараттарды таба аласыз.

Егер сатып алушы аяқ киімнің қосымшада көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келмейтінін анықтаса, қосымша арқылы қолдау қызметіне сауда нүктесінің мекен-жайын көрсетіп, таңбалау кодының скринын салып, байланыс телефонын жазып жібере алады.

Біздің қосымшаны 3 мыңнан астам тұтынушы жүктеп алды, олар Naqty Onim арқылы тауарлардың түпнұсқалығын 70 мыңнан астам рет тексерді.

Біздің қосымшамызды жүктеп алыңыз да, тек жоғары сапалы өнімді сатып алыңыз.

 

Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизуйтесь, Пікір қалдыру үшін