Аяқ киім қалдықтарын таңбалау бойынша науқан: Бірыңғай оператор есебінен кодтарды басып шығару
Обозреватель в ismet
Статья
0 комментариев
25
0 комментариев

Аяқ киімнің қалдықтары үшін таңбалау кодтарын тегін басып шығару Қазақстандағы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы қолға алатын науқан шеңберінде мүмкін болады. Бір реттік науқан оператордың қаражаты есебінен кодтарды басып шығаруға мүмкіндік береді. Оны өткізу туралы шешім кәсіпкерлердің өтініштері бойынша қабылданды.

Науқан 2022 жылғы 1 наурызда шағын бизнес өкілдері үшін басталады. Қатысу үшін өтінімдер 2022 жылдың 1 маусымына дейін қабылданады. Осылайша, кәсіпкерлерде науқан аясында таңбалау кодтарын тегін эмиссиялау және басып шығару мүмкіндігі пайда болады.

Қатысу үшін кәсіпкерлерге келесі шаралар қажет: 

1.  Таңбалаудың ақпараттық жүйесінде (markirovka.kz) тіркелу.

2.  Осы ақпараттық жүйеде тауарлар карточкаларын толтыру.

3.  Этикеттеу және таңбалау орталығының сервисінде (cem.ismet.kz) тіркеуден өту.

4.  Осы жерде стикерлерді басып шығару бойынша қызметтерді алуға арналған онлайн шартқа қол қою қажет (қызмет тегін).

5.  Data Matrix кодтарының қажетті санына тапсырыс беру.

6.  Таңбалау кодтары бар жапсырмаларды алып кету.

Толық нұсқаулық https://www.ismet.kz/content/ocp/kk/experiments/sbor-zayavok-ostatki-obuvi-kaz.html?wcmmode=disabled сілтемесі бойынша қолжетімді. Науқан шеңберінде тауарларды цифрлық таңбалау бойынша 8 800 080 65 65 тәулік бойы қызмет ететін байланыс-орталығынан кеңес алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап Қазақстанда аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау басталды. 2022 жылғы 1 сәуірге дейін кәсіпкерлерге таңбаланбаған аяқ киімді сатуға рұқсат етіледі, осы күннен кейін сөрелерде тек цифрландырылған аяқ киім болуы керек. 

Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизуйтесь, Пікір қалдыру үшін