Цифрлық таңбалау туралы ең көп таралған 5 миф
Обозреватель в ismet
Новость
0 комментариев
39
0 комментариев

Миф. Цифрлық таңбалауға байланысты көптеген кәсіпкерлер өз бизнестерін жабуға мәжбүр болады

Факт. Цифрлық таңбалау салық төлемейтін жосықсыз кәсіпкерлер үшін ғана тиімсіз. Заңды түрде жұмыс істейтіндер бұрынғыдай жұмысын жалғастырады, ал адал кәсіпкерлер үшін салауатты бәсекелестікке жағдай жасалады. Бұдан басқа, таңбалау қазақстандық өндірушіні импортпен тең жағдайға қояды, өйткені барлық тауар таңбалануы тиіс.

Миф. Бөлшек сауда үшін таңбаланған тауарлармен жұмыс істеуге арналған жабдық қымбат және әрдайым келесі өнім тобы үшін жаңасын сатып алу керек

Факт. Таңбаланған тауарлармен жұмыс істеу үшін бөлшек сауда өкілдеріне бақылау-кассалық машинаға қосылған 2D сканер қажет, кассаны олар қазірдің өзінде қолданып келеді. Жабдықты қайта сатып алудың қажеті жоқ. Нарықтағы онлайн-кассалар да таңбаланған тауарлармен жұмыс істеуге бейімделген. Сапалы сканердің орташа құны – 23 мың теңге. 2D сканерге балама ретінде NaqtySauda.Kassa тегін мобильді қосымшасы бар, жүктеу сілтемесі – https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.softstroy.naqtysauda

Миф. Таңбалау процестерін жүзеге асыру үшін қосымша адами ресурстар қажет

Факт. Қолданыстағы таңбалау процестері арнайы білім алуды немесе қосымша қызметкерлерді жалдауды қажет етпейді. Сондай-ақ таңбалаудың бірыңғай операторы нарықтың барлық қатысушыларына тауарларды таңбалау бойынша, оның ішінде импорттаушыларды қоса алғанда, шетелдік өндірушілермен немесе кеден қоймаларымен өзара іс-қимылда қолдау  көрсетуге дайын.

Миф. Таңбалауды енгізгенмен аяқ киім қымбаттайды

Факт. Бағаның өзгеруі барлық салықтар мен төлемдерді айналып өтіп, елге заңсыз жолмен әкелінген аяқ киімге ғана әсер етуі мүмкін. Таңбалауды енгізумен барлық міндетті төлемдер ескерілетін болады. Осылайша, нарықтың қатысушылары үшін тең жағдайлар жасалады және адал бәсекелестік қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, ҚР ИИДМ отандық аяқ киім өндірушілеріне таңбалау шығындарының 50% өтеу бойынша бұйрық бекітті.

Миф. Цифрлық таңбалау бизнес үшін оң нәтиже бермейді

Факт. Цифрлық таңбалау тауарларды өндірушіден соңғы тұтынушыға және кеден қоймасынан тұтынушыға дейін бақылауды қамтиды. Барлық процестерді цифрландыру бизнеске тауарлар қозғалысының бүкіл тізбегін бақылауға, сол арқылы логистикалық процестерді оңтайландыруға, есеп құруға, сұраныс пен өндірісті жоспарлауға мүмкіндік береді, бұл артық шығындарды едәуір азайтады. Бұдан басқа, талдау агенттіктерінің деректері бойынша бизнес 900 млрд теңге сомаға қосымша өткізу нарығы түрінде пайда алады, адал өндірушілердің кірістерін ұлғайту жылына 10% - дан астам соманы құрайды.

Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизуйтесь, Пікір қалдыру үшін