ҚР Қаржы министрлігі: Қырғызстаннан Қазақстанға жүк көлігінің 90%-ы мәлімделмеген Қытай тауарын тасымалдайды
Обозреватель в ismet
Новость
0 комментариев
14
0 комментариев

Қытай шекарасында тауарларды дұрыс декларация бермеу салдарынан бюджет шығындары 150 млрд теңгеге бағаланады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

«Қазақстан мен Қытай арасындағы кедендік статистика деректерінің алшақтығы $5,7 млрд құрайды, оның ішінде $2,8 млрд – сенімсіз декларациялау. Негізгі тауарлық топтар - киім, аяқ киім, ойыншықтар. Жалпы, жоғарыда көрсетілген $2,8 млрд–қа жалған декларациялау кезінде республикалық бюджеттің болжамды шығындары 150 млрд теңгеге бағаланады», - деді ол.

Сонымен қатар, Жамаубаевтың айтуынша, жыл басынан бері Қырғызстаннан Қазақстанға Қытай импортының 2,5 есе өсуі тіркелген.

«Қырғыз Республикасынан тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын субъектілерге қатысты тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы ішінара салықтық тексерулер жүргізіледі. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар 90% - дан астам жағдайда расталады. Биылдан бастап 538 автокөлік құралы тексерілді, оның 506 - сы бойынша мәлімделмеген Қытай тауары анықталды», - деп атап өтті қаржы министрі.

Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизуйтесь, Пікір қалдыру үшін