Қазақстанда зергерлік бұйымдарды цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба басталды
Обозреватель в ismet
Статья
0 комментариев
10
0 комментариев

90% - Қазақстан зергерлер лигасының деректеріне сәйкес елдегі зергерлік саласындағы көлеңкелі айналымы осыған тең. Сарапшылардың бағалауы бойынша көлеңкедегі жылдық айналымды шамамен есептеу 300 млрд теңгені құрайды.

Тұтынушыларды контрафактілік өнімнен қорғау және ашық зергерлік нарық құру мақсатында Қазақстанда асыл тастар мен бағалы металдардан жасалған зергерлік бұйымдарды цифрлық таңбалау пилоттық жобасы басталды.

Жобаға өндірушілер, импорттаушылар, көтерме, бөлшек сауда, ломбардтар қатыса алады. Бизнес үшін пилоттық жобаға қатысу таңбалау ақпараттық жүйесінің функционалын ақысыз тексеруге, таңбалау процесін ағымдағы өндірістік процестерге интеграциялауды пысықтауға, таңбалау кодтарын енгізудің түрлі тәсілдерін сынақтан өткізуге мүмкіндік береді.

Цифрлық таңбалау тұтынушыларға бірегей цифрлық кодты сканерлеу арқылы өнімнің түпнұсқалығын өз бетінше тексеруге мүмкіндік береді, бұл қоғамның өнім сапасын бақылау процесіне қатысуын арттырады. Сонымен қатар, таңбалау арқылы дайын өнім шыққанға дейін шикізатты бақылау, содан кейін бөлшек сауда арқылы сатылғанға дейін дайын өнімді бақылау жүзеге асырылады. Таңбалау қазақстандық өндірушіні импортпен тең жағдайға қоя отырып, отандық зергерлік бизнесті қорғауға бағытталған. Осы шаралар жалған әрекеттердің алдын алып, контрафактіге тосқауыл болмақ.

Пилоттық жобаға қатысуға өтінім қалдыру үшін yerlan.nurmaganbetov@digitaleconomy.kz поштасына жазу немесе +7 (708) 425-10-83 нөміріне қоңырау шалуға болады. Сондай-ақ, цифрлық таңбалау бойынша тегін жедел желі жұмыс істейді-8 (800) 080-65-65.

Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизуйтесь, Пікір қалдыру үшін