ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі әскери техниканы цифрлық таңбалау пилоттық жобасының қорытындысымен танысты
Обозреватель в ismet
Статья
0 комментариев
12
0 комментариев

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» кәсіпорнында әскери техника мен қару-жарақты цифрлық таңбалау жөніндегі пилоттық жобаның қорытындыларымен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, пилоттық жобаны ҚР ИИДМ ұсынған болатын, жобаны іске асырушысы елдегі тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы болып табылатын «Қазақтелеком» АҚ Цифрлық экономиканы дамыту орталығы болды. Пилоттық жоба кезінде таңбаланатын конструкцияға талдау және таңбалау кодтарын орнату әдістері бойынша эксперимент жүргізілді.

Осылайша, кәсіпорында ведомство басшысына жабдықты таңбалаудың барлық процесі көрсетілді: таңбалаудың ақпараттық жүйесінде тауар туралы мәліметтерді тауарлар каталогына енгізу, Data Matrix кодын генерациялау, сәйкестендіру кодын беріктігі жоғары стикерге лазерлік гравермен салу, содан кейін оның жабдыққа орнатылауы. Кейін таңбалау коды арнайы мобильді қосымшамен оқылып, жабдық айналымға енгізіледі және жөнелтуге дайындалады.

Айта кетейік, цифрлық таңбалау бақылаушы органға жүргізілген техника туралы есепке алу мен бақылау функцияларын автоматтандыруға, тексерулер санын азайтуға, оларды анықталған тәуекелдер фактісі бойынша ғана жүргізуге мүмкіндік береді. Қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары үшін артықшылықтардың бірі - ақпаратты автоматтандырылған түрде оқу, түгендеу процесін автоматтандыру.

Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизуйтесь, Пікір қалдыру үшін