«Самал су» зауытынан шығатын қаптамаларға цифрлы таңба басылды
Обозреватель в ismet
Статья
0 комментариев
19
0 комментариев

Бірыңғай оператор «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы бақылауға алған жобаның мақсаты – нарықты жалған өнімнен тазартып, салықты арттыру, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тауарды цифрлы таңбалау тауар бағасына әсер етпейді, керісінше тауар айналымын жеңілдетеді.  Цифрлы таңба «Самал су» бөтелкесінің қақпағына басылады. DataMatrix деп аталатын штрих-код тауар мен өндіруші туралы ақпарат береді. Оны көшіріп басу мүмкін емес дейді мамандар. «Самал су» зауытының өнімдері жаңаша таңбамен тұтынушыға жол тартты.

Артем Таранов, «Бизнес парк навигатор» ЖШС директоры:

- Таңбалау бізге қандай пайда береді? Бұл тауарды бақылауға, сапасыз өнім жасайтын жалған бәсекелестердің жолын кесіп, әділ бәсеке орнатады. Сонымен қатар көшіріп басудың жолы кесіледі. Біздің компания айына 2-3 миллион бөтелке су шығарады. Алдағы уақытта барлық тауар таңбаланады.


DataMatrix коды тауардың сапасын біліп, сатылымын бақылауға арналған. Сол арқылы көлеңкелі кәсіптегі тауар айналымын ығыстырып, мемлекеттік бюджетке түсетін салық көлемі артады.

Нұралы Нұрлыбай, ҚР сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің сарапшысы:

- Бүгінгі күнде цифрлы таңбалау табиғи жүннен жасалған өнімдер, табак пен аяқ-киім өндірісінде міндетті. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, табиғи жүннен жасалған өнімдер өндірісі өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есеге артты. Қалған тауар түрлері мемлекеттік мекеме, біріңғай оператордың қатысуымен сарапталады. Нәтижесін сол кезде айтамыз.

Тауарды таңбалу жүйесі арқылы тұтынушы өнімнің сапасын бақылап, заңсыздық туралы ұялы телефондағы Naqty Onim қосымшасы арқылы хабарлай алады. Пилоттық жобаға осы сауда белгісінен өзге де бірқатар компаниялар қатысқан.

 

Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизуйтесь, Пікір қалдыру үшін