Дәрі заттардың ірі халықаралық өндірушілері цифрлық таңбалауды қолдайды
Обозреватель в ismet
Статья
0 комментариев
15
0 комментариев

Соңғы екі жылда Қазақстанға контрафактілік дәрі-дәрмек әкелу бойынша заң бұзушылықтың 700-ге жуық фактісі тіркелді. Бүгінгі таңда Қазақстанда дәрілік заттарды цифрлық таңбалау енгізілуде. Бірінші кезеңге өндірушілер мен импорттаушылар қатысады.

Әртүрлі бағалаулар бойынша, фармацевтикалық нарықтағы дәрілік заттардың 2-ден 10%-ға дейіні контрафактілік немесе сапасыз өнімдер болып табылады. АҚШ, Қытай, ЕО-қа мүше мемлекеттері және Бразилия сияқты елдер ұзақ уақыт бойы таңбалау және қадағалау бастамаларын жүзеге асырып келеді. Ресейде бірқатар тауарларды міндетті түрде таңбалау 2019 жылдан бастап енгізілді, ал 2024 жылға қарай барлық тауарлар міндетті түрде таңбалаудан өтетін болады.

Дәрі-дәрмектің ірі өндірушілерінің өкілдері таңбалауға қатысты өз пікірлерімен бөлісті.

Ferring атты ірі швед биофармацевтикалық компаниясы 1950 жылдан бері дәрі-дәрмек жасаумен айналысады. Компанияның өкілдіктері 60 елде жұмыс істейді, ал компанияның өнімдері 110 елде сатылуда. Компанияның негізгі ғылыми бағыттары  – репродуктивті денсаулықты сақтау, онкология, урология, гастроэнтерология, эндокринология және ортопедия.

«Контрафактілі дәрі-дәрмек қолданудың негізгі қауіпі – сапаны бақылаудың жоқтығы. Жасанды препараттардың сапасы төмен болғандықтан, құрамы нормадан төмен немесе белсенді заттың тым артық үлесі бар препаратты қабылдау қауіпті. Ресей Федерациясында таңбалау жүйесі іске қосылғалы бері біздің компания ешқандай жалған фактілерді анықталған жоқ, бірақ бір рет «сұр» импорт фактісі тоқтатылған болатын. Бүгінгі таңда контрафактімен күресуде ең тиімді және негізгі әдіс дәрілік заттарды міндетті түрде таңбалауды енгізу болып табылады. Қазір нарықта компанияның тек түпнұсқа өнімдері ұсынылған. Цифрлық таңбалау, ең алдымен, Денсаулық сақтау министрлігімен рұқсат етілмеген контрафактілік өнімдерді азайтуға мүмкіндік береді. Екіншіден, жүйе дәрі-дәрмек шығаратын компанияларға даму стратегияларын құруға мүмкіндік беретін қуатты аналитикалық құрал болып табылады», – деді Ferring сериализация жобасының менеджері Артем Берсенев.

Контрафактілікпен алғашқылардың бірі болып күрескен 125 жылдық тарихы бар тағы бір халықаралық фармацевтикалық компаниясы – STADA. Еуропалық нарықта 2D кодтау технологиясын қолдану тәжірибесі бар STADA ең басынан бастап Ресейде дәрілік заттарды таңбалау жүйесін құруға, сондай-ақ, ТМД елдерінде таңбалауды енгізуде белсенді қатысушысы болды. Дәрілік заттарды бақылау (сәйкестендіру) таңбаларымен таңбалауды енгізу өндірісті жаңғыртуды және қымбат тұратын жабдықты сатып алуды талап еткеніне қарамастан, таңбалау жүйесін іске қосу тұтынушылар үшін дәрілік заттардың түпкілікті құнына әсер еткен жоқ.

«Дәрілік заттарды таңбалау халықты сапалы және тиімді өніммен қамтамасыз етудің және пациенттерді жалған және контрафактілік тауарлардан қорғаудың маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Өйткені, сапасыз дәрі-дәрмек бар бір пакеттің өзі науқастың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін. Жаңа талаптарды енгізуге дайындық жаңа өндірістік жабдықты сатып алуды, АТ жүйелерін жетілдіруді, IP бақылау жүйесінде жұмыс істеу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭСҚ) алуды, орау материалдарын бейімдеуді және тағы басқаларды қамтитынын ескере отырып, мұндай дайындық, біздің тәжірибеміз бойынша 16 айдан 28 айға дейін созылады. Саланың жаңа ұлттық жүйені енгізуден күтетін тағы бір пайдасы – қадағалау жүйесінен өз өнімінің қозғалысы туралы мәліметтерге ие болу. Бұл өндірушілер мен импорттаушыларға тауарлық-материалдық қорларды азайта отырып, өндірісті және өнімді нарыққа жеткізуді дәлірек жоспарлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп күтілуде», - дейді STADA дәрілік заттарды таңбалау жөніндегі менеджер Артем Сильянский.

Осылайша, 2020 жылдың күзінде STADA пилоттық жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының нарығына сәйкестендіру құралдарымен (бірегей екі өлшемді Data Matrix коды) таңбаланған өнімдерді шығарған бірінші халықаралық фармацевтикалық компания болды. Қазіргі уақытта STADA Қазақстан Республикасының аумағында сәйкестендіру арқылы міндетті таңбалауды бастауға дайындықты жалғастыруда.

Осылайша, STADA 2020 жылдың күзінде пилоттық жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының нарығына сәйкестендіру құралдарымен (бірегей екі өлшемді Data Matrix коды) таңбаланған өнімдерді шығарып, таңбалау және өнімді қадағалау үшін ақпараттық жүйеге қажетті ақпаратты енгізген бірінші халықаралық фармацевтикалық компания болды. Қазіргі уақытта STADA Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттарды міндетті түрде таңбалауға дайындықты жалғастыруда.

Естеріңізге салайық, дәрілік заттарды цифрлық таңбалауды енгізу бойынша пилоттық жоба 2019 жылдың қыркүйегінде басталып, 2021 жылдың 31 шілдесінде аяқталды. Оған өндірушілер, дистрибьюторлар, импорттаушылар, дәріханалар мен медициналық ұйымдар қатысты. Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі бекіткен тізімдегі 90 дәрілік затты таңбалаудың бірінші кезеңі енгізілуде. 2023 жылдың соңына қарай елімізде дәрілік заттардың 100% цифрлық таңбалануы күтілуде.

Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизуйтесь, Пікір қалдыру үшін