Фармацевтикалық қоғам өкілдері дәрілік заттардың цифрлық таңбалануын талқылады
Обозреватель в ismet
Новость
0 комментариев
401
0 комментариев

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркиннің басшылығымен фармацевтикалық қоғам өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге фармацевтикалық қауымдастықтардың бірінші басшылары, «СК Фармация» ЖШС басқарма төрағасы, «ДЗ мен МБ СҰО» бас директоры, Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығының басқарма төрағасы, Цифрлық экономиканы дамыту орталығының өкілі, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Кеңес барысында дәрілік заттарды міндетті цифрлық таңбалау мен қадағалауды енгізу мәселелері қозғалды. Бұдан басқа, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға мерзімсіз тіркеу куәліктерін беру талқыланды. Сондай-ақ, фармацевтикалық мамандарды сертификаттауға ерекше назар аударылды.

«Цифрлық таңбалау фармацевтикалық нарықта ұсынылатын қызметтердің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Өз кезегінде, біз фармацевтикалық қауымдастықтардың ұсыныстарына ашықпыз және толғандыратын барлық мәселелерді ашық талқылауға дайынбыз. Осы мақсатта біз фармацевтикалық қоғам өкілдерімен үнемі кездесулер өткізіп отырамыз. Цифрлық таңбалау туралы толық ақпаратпен Орталықтың ресми сайты мен парақшаларында танысуға болады», - дейді Жанар Оспанова, Цифрлық экономиканы дамыту орталығының тауарлық топ бойынша жетекшісі.

Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизуйтесь, Пікір қалдыру үшін